Шымкенттіктер əлемдік спорт рекордын жаңартты

Шымкенттің республикалық дəрежедегі қала атануына орай қала тұрғындары денені жерге түсіріп-көтеру жаттығуын миллион рет орындады. Əл-Фараби алаңында өткен спорттық іс-шараға мегаполистің бес мың тұрғыны қатысты. Олардың арасында қала əкімдігінің барлық қызметкері де болды.

Ерекше флешмобқа Шымкенттің əкімі Нұрлан Сауранбаев та қатысып, спорттық бағдарламаны толық орындап шықты. Спорттық рекордты КИнЭС-2018 қазақстандық рекордтар кітабының өкілдері тіркеп, арнайы сертификат тапсырды.

Еске салайық, күні кеше ғана Шымкент республикалық қала дəрежесіне ие болды. Көптен күткен бұл жаңалықты миллионды мегаполистің тұрғындар қуана қабылдады. Қалада осы мəселеге қатысты конференциялар да өтті.

1 397 рет оқылды
  • 96
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *