Шымкенттіктер Конституция күнін тойлады

Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Шаһар басшысы Ғ. Әбдірахымов қала жұртшылығын мерекемен құттықтап, əр түрлі саладағы 20-ға жуық үздік азаматты Алғыс хатпен марапаттады.Қала əкімі мерекелік құттықтау сөзінде Конституция — бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі екенін атап өтті.

– Азаматтығымыздың айшықты айғағы болған Ата Заң  — Тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы. Халықтың өзі дауыс беріп, қабылдаған Ата заңымыз өркениетті мемлекеттің барлығына тән демократиялық қағидалармен толық қамтылды. Конституция бірлігіміздің тұрақтылығын, мемлекеттік құрылыс пен еліміздің тұтастығын бекітіп берді. Еліміздің жеткен жетісігі мен алған белесі осы тұғырлы Конституцияның арқасында мүмкін болды. Бірлігі жарасқан Қазақ елі аз уақытта айбары асқан қуатты ұлтқа, дәулеті тасыған күшті мемлекетке айналды. Бұл орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Конституция Қазақ елінің өркендеуі мен өрлеуінің негізі» деген пікірі сөзімізді қуаттай түседі, – деді шаһар басшысы.

Мерекелік шара сахналық көрініс пен сазды хореографиялық қойылыммен, сондай-ақ патриоттық әндер сынды концерттік бағдарламамен жалғасты.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *