Шымкенттік жастар салауатты өмір салтын қолдайды

Шымкентте көше спортымен шұғылданатын жастардың қатары артуда.

Бұған демалыс күндері қаламызда өткен марафон дәлел. Осымен бірнеше рет ұйымдастырылып отырған спорттық сайысқа 500-ге жуық жеткіншек жиналған.

Жаппай жүгіруді қолдаған жеткіншектер 13 легион ұжымының ұйымдастырған марафонына қатысып, өздерінің денсаулықтары үшін күресуде. Жексенбіде Орталық саябағынан Жеңіс саябағына дейін жүгірді. Кейін түрлі жаттығулар жасап, нормативті тапсырмаларды орындады. Осылайша салауатты өмір салтын қолдаған Шымкенттік жастар үнемі бас қосып отырады екен.

«Жас аралығына шектау қойылмаған 13 легионның марафонында көше спортшылары сондай-ақ турникке тартылудан да өз өнерлерін көрсетті. Түрлі әдіспен көпшілікті тәнті еткендердің бірі Данил Зотов. Алғашында велоспортпен шұғылданған бозбала кейін көше спортына қызығушылы ауған. Оның Әр түрлі әдіспен стрит уоркаудтың ерекшеліктерін көрсетуді қолға алғанына биыл 2 жыл», — дейді «13 легион» командасының көшбасшысы Тимур Шайдулин.

Құрдастарын жаман әдеттен аулақ болып, спортқа баулуды насихаттап жүрген 13 легиондық жігіттер алда талай бас қосады. Күз айында спорт мерекесін ұйымдастыруды ойластырып жатқан олар шымшаһардың барша жастарын денешынықтыруға шақыруда.

Дерек көзі:  tvk-uko.kz

164 рет оқылды
  • 4
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *