ШЫМКЕНТТІК ƏУЕСҚОЙ ФУТБОЛШЫЛАР ЕУРОКУБОКТА ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫҢ ДЕҢГЕЙІ ӘУЕСҚОЙЛАР ҚАТАРЫ ТОЛЫҚҚАНДА ҒАНА ДАМИДЫ. ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ БҰҚАРАЛЫҚ ФУТБОЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ЕРЛАН ЖАМАНТАЕВ ОСЫНЫ АЙТТЫ. АРНАЙЫ ЖИЫНДА ШЫМКЕНТТІК ФУТБОЛ ЖАНАШЫРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, ТЫҒЫРЫҚТАН ШЫҒАР ЖОЛДЫ БІРЛЕСЕ ІЗДЕДІ.

БІЛІКТІ МАМАН ОҢТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ ОЙЫНЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ. АЙТУЫНША, ШЫМКЕНТТІК ӘУЕСҚОЙ ФУТБОЛ КЛУБТАРЫНЫҢ ЕУРОКУБОК ЖАРЫСТАРЫНА ШЫҒУЫНА МҮМКІНДІГІ МОЛ.  АЙНАЛАСЫ 8 ЖЫЛДА БҰЛ МЕКТЕП 16 КЛУБТЫ ТӘРБИЕЛЕП ШЫҒАРҒАН.

ТАЛҒАТ ӘМІРБЕКОВ — ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

БІЗДІҢ ӘУЕСҚОЙ ФУТБОЛШЫЛАРЫМЫЗДЫҢ САНЫ МЫҢҒА ЖУЫҚ. ЕНДІ ТЕК ӨЗАРА БӘСТЕСПЕЙ, ӨЗГЕЛЕРГЕ ДЕ БІЗДЕ МЫҚТЫ ШЕБЕРЛЕР БАР ЕКЕНІН ДӘЛЕЛДЕГІМІЗ КЕЛЕДІ. АРНАЙЫ МАМАНДАРДЫ ШАҚЫРТТЫҚ. БІЗДІҢ ДАЙЫНДЫҒЫМЫЗДЫ САРАПҚА САЛУ ҮШІН. НӘТИЖЕ КӨҢІЛ ҚУАНТАДЫ. ӘУЕСҚОЙ ФУТБОЛШЫЛАРДЫ ДЕМЕУГЕ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ МЕН  ҚАЛАЛЫҚ СПОРТ БӨЛІМ ЫНТАЛЫ БОЛЫП ОТЫР. МҰНДА ТЕК ЖАСТАР ЕМЕС, АРДАГЕР ОЙЫНШЫЛАР ДА БАР.

ТАРАПТАР КЕЗДЕСУІНДЕ АРНАЙЫ МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ. БҰЛ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ЖАҢА САТЫҒА КӨТЕРМЕК.

ЕРЛАН ЖАМАНТАЕВ – ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ БҰҚАРАЛЫҚ ФУТБОЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

БІЗ БҮГІН ҮШ ЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІК. АЛДАҒЫ КҮНДЕРІ ШЫМКЕНТТІК ФУТБОЛШЫЛАР БІЗДІҢ ҮМІТІМІЗДІ АҚТАП, ЕУРОКУБОКТАРДА БОЙ КӨРСЕТЕДІ. БІЗ ОҢТҮСТІКТЕ ТӨРТ КҮН БОЙЫНДА ОСЫ САЛАНЫҢ ҚЫР-СЫРЫМЕН ТАНЫСТЫҚ. ЖАСТАРДЫҢ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ БІЗДІ ҚАТТЫ ҚУАНТЫП ТАСТАДЫ.

РАСЫНДА, ОБЛЫСТЫҢ ӘУЕСҚОЙ ФУТБОЛШЫЛАРЫНЫҢ ЖЕТІСТІГІ ЖЕТЕРЛІК.  БҮГІНГІ МЕМОРАНДУМ… ҚҰРАМА ҰПАЙЫН ОДАН ӘРМЕН ЕСЕЛЕЙ ТҮСПЕК.

Дерек көзі:  shymkenttv.kz

364 рет оқылды
  • 32
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.