Шымкенттік су шаруашылығы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

9-шілде -Су шаруашылығы қызметкерлерінің күні. Шымкент қаласында орналасқан «Су ресурстары және Маркертинг» серіктестігі ұжымын кәсіби мерекелерімен қала мәслихаты хатшысы Ғани Ташқараев, әкімдіктің өкілдері және халық қалаулылары құттықтады, деп хабарлайды oninfo.kz ақпарат агенттігі мәслихаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мерекелі жиында сала министрлігінің арнайы хаты да көпшілікке таныстырылды. Шымкент қаласының тұрғындарын сапалы ауыз сумен 24 сағат бойы қамтып отырған мекеменің басшысы Анарбек Орман да толағай жетістіктерге жеткен қызметкерлерге алғысын жеткізді.

Мерекелік іс-шарада 15 номинация бойынша ұйымдастырылған кәсіби байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Олардың арасында диспетчерлер, лаборанттар, контролерлар, шеберлер, слесарь және дәнекерлеушілер бар. Тұрғындармен тікелей жұмыс жасайтын инспектор Досбол Айдаршаев еңбегі еленгеніне риза.

Су шаруашылығы қызметкерлерінің құрметіне оқушылар сарайының ұжымы керемет бағдарлама әзірлепті. Мерекелік тарту тіршілік нәрі судың құндылығы мен оны халыққа жеткізуде аянбай етіп жүрген сала мамандарына арналды.