Шымкенттік оқушының роботын бүкіл Қазақстан біледі

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ ҚҰБЫР ТАЗАЛАЙТЫН РОБОТЫН ПАТЕНТТЕП АЛДЫ

Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Қуаныш Мәден құбыр тазалаушы робот ойлап тауып, оның авторлық патентін иеленді. Оқушы өз жобасын екі жыл бойы ойластырған.

Қуаныш Мәден өзі ойластырған роботтың техникалық рефератын әзірлеп, формуласы мен схемалары жазылған құжаттарды Ұлттық зияткерлік меншік институтына тапсырған. Идея авторлығын растайтын патентті өткен жылы иеленген.

Идея авторы құбыр тазалайтын роботты бөлшектеп жинаған. Шымкенттік оқушының роботын бүкіл Қазақстан біледі.

ҚУАНЫШ МӘДЕН: Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы «Жобамды қазір көбі біледі. Себебі мен біраз жарыстарға қатыстым. Бұл жұмысым маған республикалық «3.2.1. СТАРТ» байқауында 1- орын және 1 млн теңге көлемінде қаржылай сыйақы, 60 мемлекеттің арасында өткен халыкаралық CASTIC-2019 жарысында инженерлік ғылымдар санатында 2-орын алып берді».

Қуаныш Мәден 2017 жылы «Жас өнертапқыш» номинациясын иеленді. Өнертапқыш өз өнімінің отандық өндірісте кеңінен қолданылғанын қалайды.