Шымкенттік компаниялар карантинге жабылған тұрғындарға тегін азық-түлік таратты

Шымкент қаласындағы карантинге жабылған Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекенінің тұрғындарына жергілікті компаниялар жан-жақты қолдау көрсетіп, демеушілік жасауда.

Атап айтқанда, «GramaD» және «KARLSKRONA» компаниялары мен «Қазыбек» базарының демеушілігімен карантинге жабылған елді мекендегі 750 отбасыға тегін азық-түлік таратылды.
Тегін таратылған азық-түлік себетінің әрқайсысында 10 келі ұн, 3 литр май, 5 келі күріш, 5 келі макарон, 3 келі қант, 10 келі картоп, 5 келі пияз бен 5 келі сәбізден бар.
Айта кетейік, бүгінгі таңда, Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабында 2 856 адам өмір сүреді. Оның ішінде 132 аз қамтамасыз етілген, 96 көп балалы отбасы бар.

Шымкент қаласының
төтенше жағдай бойынша штабы