Шымкенттік ер азаматар қалалық сенбілікке қатысты

Наурыз айынының алғашқы демалыс күні Шымкентте тек ерлер қатысқан жалпықалалық сенбілік өтті.

Көктемнің алғашқы сенбілігін жігіттер қауымы 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арнап отыр.
Тазалық шарасына қала әкімі Ғ.Әбдірахымов, мәслихат хатшысы Ғ.Ташқараев пен барлық мекеме қызметкерлері мен қала тұрғындары белсене атсалысты. Олар «Тәуелсіздік» саябағына қылқан және жай жапырақты көшеттер отырғызып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Сенбілікке қатысқан 18 мыңнан астам қала тұрғындары барлық аудан қалалардың саябақтарын, гүлзарларын, аулалары мен көшелерін және арық-атыздарды қоқыстан тазартты.
Жалпы бұл күні қаладағы 43 шақырым аяқ жол, 131 шқ болатын көше бойлары мен 47 шқ ирригациялық жүйелер тазартылып, 354 тонна қоқыс шығарылды. Бұл жұмыстарға 50 шақты техника жұмылдырылды.

97 рет оқылды
  • 2
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *