Шымкенттік депутаттар Нұрлан Бекназаровты Сенатқа сайлануымен құттықтады

Шымкент қалалық әкімдігінде кезектен тыс 39-сессия өтті, деп хабарлайды oninfo.kz ақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда халық қалаулылары өз әріптестерін, қалалық мәслихаттың бұрынғы хатшысы Нұрлан Бекназаровты ҚР Парламенті Сенаты сайлауындағы жеңісімен құттықтады. Жаңа салада жемісті еңбек тіледі.

– Бұл — біздің қала үшін тарихи сәт, — деп атап өтті Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов. — Жазда Мемлекет басшысы Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру және Сенатқа сайлау өткізу туралы бірден екі маңызды Жарлыққа қол қойды. Және ол Жарлықтар орындалды. Алғаш рет саяси аренада Шымкент қаласының  депутаттары дербес аумақтық бірлік ретінде таныстырылады.

Айта кетейік, Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы қызметін 13 жыл бойына атқарды. Әріптестерінің айтуынша, ол мегаполис үшін маңызды шешім қабылдау кезінде әр депутаттың пікірін ескеріп, туған қаласы үшін аянбай еңбек етті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *