Шымкенттің өзіндік қайталанбас сəулеттік стилі болуы керек

Бұл туралы Елбасы Шымкентке барған сапарында айтты. Астананың стилін көшірудің қажеті жоқ. Өздеріңіздің мəдени ерекшеліктеріңіз бар. Ескі үйлерді сүріп, жаңасын салу керек. Бұл үшін арнайы мемлекеттік бағдарламамыз бар. Ретсіз сауда орындарынан арылу керек. Шымкент ақылды қала болуы тиіс. Сонымен қатар қала аумағының кеңеюі емес, тығыз орналасуы өзекті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы 2025 жылы Шымкент халқының саны 1,3 млн адамға жететінін, осыған орай мегаполиске жаңа балабақшалар, мектептер мен ауруханалар қажет екенін атап өтті. Оларды салу үшін инвесторларды жұмылдыру керек деді Елбасы.

Жиынға қатысушылар да қаланың дамуы туралы пікірлерімен бөлісті. Нақты айтқанда қалалық мəслихаттың хатшысы Н.Бекназаров Шымкент бюджетінің көлемі 180 млрд теңгеге жеткенін айтса, депутат Т.Сұлтанова мегаполистегі медицинаның дамуы туралы, жас кəсіпкер Аят Азимов стартаптарды қолдау қажеттігін жеткізді.

Ал Шымкенттің əкімі Ғабидолла Əбдірахымов Мемлекет басшысына Қала күні мерекесі ретінде 19 маусым күнін ресми бекітуді ұсынды. Айта кетейік, дəл сол күні Елбасы Шымкентке республикалық қала мəртебесін беру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Жиын қорытындысында Президент Шымкент қаласының дамуына тілектестік білдірді.

 

76 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *