Шымкенттің әр ауданына әлеуметтік түйіткілдерді шешу үшін 300 млн. теңгеден бөлінеді

Шымкент қаласындағы төрт аудан бұрын соңды болмаған мол қаржыға кенелмек. Әр ауданға 300 млн. теңге бөлінгелі отыр. Мұндай шешімді қалалық мәслихат депутаттары қабылдады», деп хабарлайды oninfo.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаражатты әр аудан әкімі өз аймағындағы түйіні кертілуі тиіс мәселелерді шешуге жұмсайтын болады. Жасырары жоқ бүгінде алып қалада күн түсуі тиіс көлеңкелі мәселелер жетіп артылады. Коммуналдық шаруашылық саласындағы күрделіліктерді шешсе де, аулаларды абаттандырса да, балалар алаңшаларын жөнге келтірсе де артықтық етпейді.
Мұнан бөлек, бұл қаржының орындалуы қадағалануға алынып, халық алдында шағын есеп беру жиындарын өткізу де жоспарланған.
Мәселен, Абай ауданында биыл көшелердің атын жазылатын тақтайшаларға бюджеттен бір тиын да бөлінбепті. Ол аз десеңіз осы ауданға қарасты «Самал 3», «Солтүстік -Батыс» шағынаудандарында тіпті көшелердің атауы да жоқ. Бұдан басқа да күн тәртібінде күйіп тұрған күрделі мәселелер жетіп артылады.
Енді қазына қазанынан бөлінген қаражатқа әкімдер бұқараның бұйымтайына бет бұрып, мәселелерін шешіп берсе игі.

103 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *