Шымкенттің Әл-Фараби ауданында жылыту маусымына дайындық басталды

Әл-Фараби ауданы әкімі Ғ.Мәуленқұловтың тапсырмасына сәйкес, аудан тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында ауданға қарасты көпқабатты үйлерде қысқы маусымға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Қазіргі таңда, қысқы жылу маусымына дайындық жұмыстары бойынша Республика даңғылы №25, №27, №29 көпқабатты үй тұрғындарына сервистік мекемемен келісім-шартқа тұру бойынша жиналыс өтті. Жиналыс барысында аудан әкімі аппаратының қызметкерлері тұрғындарға сервистік мекеменің атқаратын жұмыстармен таныстырып өтті», — делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Атап айтқанда, ауданда 9 сервистік мекеме жұмыс атқарады. Олардың қызмет түрлері, көпқабатты тұрғын үйдің кіреберіс алаңын және ауласын санитарлық тазалау, жертөледегі инженерлік құбырларға қызмет көрсету. Яғни, көпқабатты тұрғын үйді қысқы жылу маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу.

Сонымен қатар, сервистік қызмет көрсетушілер кіреберіс алаңдарын және ойын элементтерін әрлеу, сырлау жұмыстарын атқару үстінде.

Аудан тұрғындарының назарына! Көпқабатты тұрғын үйге сервистік қызмет көрсетуші мекеме қажет болған жағдайда, 54-96-54 байланыс телефоны арқылы мекен-жайға байланысты мәлімет алуға болатындығын жеткіземіз.

147 рет оқылды
  • 8
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *