ШЫМКЕНТТЕН САЙЛАНҒАН ДЕПУТАТТАР МЕГАПОЛИС ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ МƏСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ

Жуырда өткен «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға нақты тапсырмалар бергені мәлім.

Бүгін Шымкент қаласына Президент тапсырмаларын түсіндіру жұмыстарымен ҚР Парламент депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Дархан Сатыбалды іс-сапармен келіп, мегаполис тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады.

Кездесуде басты тақырып әлеуметтік салаға қатысты болып, Елбасы айтқан көпбалалы отбасылардың балаларына төленетін жәрдемақыны алу жолдары егжей-тегжейлі түсіндірілді. Шымкенттік сенаторлар әрбір тұрғынның мәселесін жеке-жеке тыңдап, тиісті сала басшыларына міндеттер жүктеді. Кездесуге қала тұрғындарымен қатар мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев, экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Нұрғазы Бұхарбаев, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғалымжан Балтаев және БАҚ өкілдері қатысты.

Жоспарға сәйкес бірнеше кездесу жоспарланған.

#ШЫМКЕНТ_ҚАЛАСЫ

112 рет оқылды
  • 10
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *