Шымкенттегі шатқалдарға егілген ағаштардың саны 79 мыңға жетті

Шымкенттегі жеті шатқалға егілген ағаш көшеттерінің саны 79 мыңға жетіпті. Аумағы 124 гектарды құрайды. Дарақты аптап ыстықтан сақтап қалу «Жасыл аймақ» мекемесінің жұмысшыларына жүктелген. Бір ғана «Шымсая» шатқалында 4 ұңғыма қазылып, көшеттер суғарылып жатыр.

Сай ішіне алғашқы көшет өткен жылдың қаңтар айында отырғызылыпты. Бүгінде мұнда 6 мың түп тал дарақтар бар. Сала мамандарының айтуынша ағаштар 90 пайызға жерсінген. Күтіп ұстау үшін тереңдігі 110 метрлік төрт ұңғыма қазылыпты, нәтижесінде 70 сотықтағы көшеттер тамшылатып суғарылады екен.

«Шымсая» шатқалының жалпы аумағы 25 гектарды құрайды. Оның 11 гектары күзде игеріледі деген жоспар бар. 2 мың түп көшет отырғызылып арнайы техникамен суғарылады. Көшет саны көбейген жағдайда қосымша суару көзі қажет болуы мүмкін дейді мамандар.

Естеріңізге салар болсақ, қала аумағындағы сай саланы игеріп, демалыс аймағына айналдыру жобасын облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бастаған болатын. Бірнеше дүркін сенбілік өткізіліп, әрбір қала тұрғыны көшет егуге атсалысты. Көшеттердің саны сексен мыңға жуықтапты.

Қалалық ТҮКШ басқармасы бағдарламаны жалғастырып, тал дарақтың санын көбейтуді жоспарлап отыр. Бұл бағдарлама депутатардың қатаң бақылауында, себебі қазынадан қыруар қаржы бөлінгені тағы бар.

 

Дерек көзі: otyrar.kz

176 рет оқылды
  • 1
    Поделиться

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *