Шымкенттегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектері шетелдерде білімін шыңдауда

Жоғары мәртебеге ие жаңа мегаполистің мүмкіндігі жыл өткен сайын арта түсуде. Бұл ретте еліміздің үшінші қаласында бизнес, сауда, құрылыс, қаржы, өнеркәсіп салалары қарыштап дамымақ. Әсіресе, ұлт болашағы жасөскіндер мен жастар үшін үлкен мүмкіндік алаңына айналары анық. Мұның дәлелі ретінде 2013 жылдың 1 наурызынан бастап ресми түрде өз жұмысын бастаған Назарбаев Зияткерлік мектебінің бес жылдағы табыстары жетерлік.

Дәл осы мектеп Шымкентте жұмыс бастаған жылы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Шымкент Астана мен Алматыдан кейінгі халқы миллионды қамтитын үшінші алып мегаполиске айналуы тиіс» деген тапсырма берген. Содан араға 5 жыл салып, биыл бұл тапсырма орындалып, Елбасының Шымкентті ресми түрде республикалық дәрежедегі қала деп жариялады.

Ал, Елбасы есімін иеленген білім ұясынан 2015 жылы 129 түлек еліміздегі жоғарғы оқу орындарының студенті атанды. 128 оқушының ішінде 40-ы Назарбаев Университетінің, ал 1 түлек Қытайдың Гонконг политехникалық университетінің грантын жеңіп алды.

2016 жылы 122 түлек тәмамдады. Түлектердің 115-і қазақстандық жоғарғы оқу орындарында, оның ішінде 36-сы Назарбаев Университеті студенттерінің қатарында жоғары білімін жетілдіруде. Биыл 97 оқушы шәкіртті үлкен өмірге қанат қақтырып отыр.

фото: voxpopuli.kz

332 рет оқылды
  • 6
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *