Шымкенттегі ХҚО-ларға тек алдын ала бронмен баруға болады

Азаматтардың көптеп жиналуын және вирусты жұқтыру қаупін болдырмау мақсатында ХҚО-да азаматтарды қатаң түрде тек алдын жасалған брон негізінде қабылдайды. Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша ХҚО-ға келушілерді қабылдау тек алдын ала жазылу арқылы жүзеге асырылады.
ХҚО ғимаратында қатаң түрде бетперде тағу тәртібін сақтау қажет. Қашықтықты сақтау үшін арасы 1,5-2 метр болатын белгілер сызылған. Әрбір ХҚО-да санитайзерлер бар.

Брондауға өтінім қалдыру үшін азаматтар egov.kz электрондық үкімет порталын, немесе 1414 қысқа нөміріне қоңырау шала алады. Брондау рәсімінен кейін азаматқа ХҚО-ға бару уақыты туралы тиісті смс-хабарлама жолданады.
Жұмыс кестесі: ДС-ЖМ 09:00-18:00 дейін үзіліссіз. Сенбі демалыс.