Шымкенттегі №2 мамандандырылған ХҚО жаңа ғимаратқа көшті

Енді көлік жүргізушілері автокөліктерді қайта тіркеу және жүргізуші куәлігін ауыстыру сияқты мемлекеттік қызмет түрлерін Ташкент айналма тас жолы, 341 мекенжайынан ала алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Данабек Исабековтың айтуынша, автоХҚО-ға келетін азаматтар жүктемесінің және ағымының көбеюіне байланысты жаңа ғимаратқа көшу қажеттілігі туындады.

«Біз тұрақты түрде мемлекеттік қызметтердің көрсетілу реті бойынша талдау жасап, азаматтардың ыңғайлылығы үшін ХҚО аумағын кеңейту қажет деген қорытындыға келдік. Жаңа мамандандырылған ХҚО-да 48 инспектор жұмыс істейді, ал дайын құжаттарды қабылдау және беру үшін 27 жұмыс орны бар. 1500 м2 аймақта орналасқан автоХҚО-да, сондай-ақ 300 көлікке арналған автотұрақ қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандус және шақыру батырмасы жұмыс істейді»,- деді Исабеков.

Мамандандырылған ХҚКО ғимаратында автокөлік құралының тіркеуін және қайта тіркеуін жүргізуге және жүргізуші куәлігін ауыстыруға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкентте қазіргі уақытта үш мамандандырылған ХҚКО жұмыс істейді.

Ағымдағы жылдың 2 айында онда 14 089 жүргізуші куәлігі беріліп, 67 489 автокөлік қайта тіркелген.

 

Анықтама:

 Мамандандырылған ХҚО мекенжайлары:

№1 мамандандырылған ХҚО: Достық м.а.

№2 арнайы ХҚО: Ташкент айналма жолы, 341.

№3 арнайы ХҚО: Қызылжар м.а., Жиделібайсын көшесі 92. «Бекжан-комфорт»

Жұмыс кестесі: ДС-СБ, 9.00- ден 20.00-ге дейін үзіліссіз.