ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ЖАСТАР ПРЕМИЯСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Үздік жастар премиясы — ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметі үшін дарынды жастарды қолдау мақсатында табысталатын жастар сыйлығы.

Сайысқа үшінші мегаполистің белсенді жастары қатыса алады:

21 қараша мен 4 желтоқсан аралығында құжаттар қабылданады (куәлік, анкета, өмірбаян, ұсынылым хаты, 10х15 фото, марапаттау қағаздары, кандидаттың немесе кандидат туралы мақалалардың көшірмесі, портфолио).

5-12 желтоқсан аралығында қатысушылар туралы мәлімет және фотосуреттер іnstagram әлеуметтік желісінде @resusrtyq_ortalyq аккаунтында жарияланады. Пост кемінде 200 лүпіл жинауы тиіс.

13-17 желтоқсан күндері үміткерлер рecha-kucha форматында үміткерлер өздерін таныстырады.

18-19 желтоқсан күндері барлық кезең бойынша комиссияның қорытынды отырысы өтеді.

Жастар мынадай номинациялар бойынша марапатталады:

1. «Үздік мұғалім»,
2. «Үздік ЖОО студенті»,
3. «Үздік ОАОО студенті»,
4. «Үздік мектеп оқушысы»,
5. «Үздік жастар комитеті»,
6. «Үздік студенттік өзін-өзі басқару ұйымы»,
7. «Үздік жазба ақын»,
8. «Үздік айтыскер ақын»,
9. «Үздік жазушы»,
10. «Үздік суретші»,
11. «Үздік спортшы»,
12. «Үздік пікір-сайысшы»,
13. «Үздік киім дизайнері»,
14. «Үздік қолөнерші»,
15. «Үздік Start UP жоба»,
16. «Үздік IT жоба»,
17. «Үздік шығармашылық ұжым»,
18. «Үздік журналист»,
19. «Үздік фотограф»,
20. «Үздік дәрігер»,
21. «Үздік құқық қорғаушы»,
22. «Үздік мемлекеттік қызметкер», 23. «Үздік волонтер»,
24. «Үздік жастар жобасы»,
25. «Үздік кәсіпкер»,
26. «Бейбіт өмір батыры»,
27. «Үздік жас өндіріс маманы»,
28. «Үздік қоғамдық ұйым».