Шымкентте заңсыз сауда дүңгіршектері сүрілді

Сот шешіміне байланысты Шымкенттегі «Қырғы базар» маңындағы заңсыз орнатылған дүңгіршектер алынды, деп хабарлайды oninfo.kz ақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Әл-Фараби ауданының әкімдігінде өткен арнайы брифингте алдын ала айтылды. Аталған мәселе бойынша алдын ала саудагерлермен базар қызметкелеріне ескерту жұмыстары жүргізілген болатын.

– Шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымовтың тапсырмасына сәйкес, Төле би көшесінің бойында орналасқан «Қырғы» базар маңын ретке келтіру жұмыстары жалғасады. Бұған дейін Шымқалада орналасқан 8 базар басшысымен екі жақты меморандум түзілген болатын. Осы меморандум аясында базар аумағындағы бос сауда орындары ұсынылып, қазіргі таңда 35 саудагер «Қырғы базарға», 8 саудагер «Автонұр» базарына орналастырылды, — деді Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов.

Айта кету керек, жаңа орындарды аталған сатушылар үш ай бойы тегін пайдаланады. Бұған қоса бұл азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру және жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жұмыс тобы құрылады.

Төле би көшесінің бойында орналасқан сауда қатарлары бірнеше жылдар бойына өзекті мәселеге айналып келген. Сауда орындары мен дүңгіршектер жаяу жүргіншілер өткелін жауып және автөкөлік қозғалысына айтарлықтай кедергі келтірген.

281 рет оқылды
  • 9
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *