Шымкентте төрт қабатты білім ұялары салынады

Шымкент қаласында оқушылар санының көбеюіне байланысты құрылыс нормалары мен ережелеріне өзгерістер енгізілді. Бұдан былай қалада 4 қабатты мектептер көптеп салынады. Соның арқасында бір мектепте 3 мыңға жуық бала білім алмақ.

Бұрындары  білім ұясының ең ауқымдысы 1200 оқушыға ғана арналып салынатын. Енді міне, мектеп сыйымдылығы  3 мың балаға жетіп отыр. Бұл тиімді, әрі  қалада тапшы жер телімін үнемдеу жағынан ұтымды.

«Жаңадан енгізілген өзгерістерге сәйкес, бұрындары бір оқушыға 53 шаршы метр қарастырылса, бүгінгі таңда бір оқушыға 43 шаршы метр белгіленіп отыр. Шымкент қаласында адамдар жиі шоғырланған шағынаудандарда қалалық  білім бөліміне тиісті ұсыныстарды жолдадық. Білім бөлімі  бір жарым мыңдық, 3 мыңдық мектеп қажет пе, соны айтады. Соған сәйкес, жобалау сметалық құжаттарын дайындалатын болады», — қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Ғалымжан Өтенбаев.

Бүгінде қала аумағында 133 білім ұясы бар. Соның 8-і білім стандартына сай емес. Ыңғайластырып салынған ғимараттарға жайғасқан. 25 білім ошағы күрделі жөндеуді қажет етеді. Ал, 2  білім мекемесі үш ауысымда оқуға мәжбүр. Келешекте  төрт қабатты мектеп салынар болса, осы мәселенің түйіні шешілмек.

«Мектеп салатын жердің көлемін азайтып, 4 қабатты мектеп салу мәселесі қарастырылуда Төрт қабатты етіп салу бізге ыңғайлы. Қала ішіндегі жер учаскелерінің тарылуына байланысты төрт этажды етіп салу  бізге жақсы, ыңғайлы болып отыр қазіргі таңда», — білім бөлімінің сектор меңгерушісі Пазылхан Асауов.

Жаңа құрылыс ережесіне сәйкес, төрт қабатты мектеп ғимараттары салынған жағдайда білім саласындағы басты проблемалар оң шешімін таппақ.

 

дерек көзі: shymkenttv.kz

фото: bnews.kz

233 рет оқылды
  • 7
    Поделились

Шымкентте төрт қабатты білім ұялары салынады: 1 комментарий

  • 27.07.2018 в 11:17
    Permalink

    Абай ауданына қарасты Ынтымақ мөлтекауданына жаңа мектеп керек. Халықтың көбеюіне байланысты жаңадан құрылып жатқан шет жақтардың оқушылары №54 мектепке және Турлан елдімекеніндегі №55 мектепке барып жүр. Екеуі де өте алыс. Қыстың күні балшық кешіп жүрген балалардың жайын ойлайтын кез жетпеді ме екен, білім басшылары?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *