Шымкентте «Сергек» кешенін орналастырып жатыр

Аппаратты-бағдарламалық кешен үшінші мегаполисте пилоттық режимде орнатылуда, деп хабарлайды oninfo.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба 29 тамызда Шымкентте өткен Shymkent Digital Day қорытындысы нәтижесінде жүзеге сәтті асып отыр.

Алғашқы «Сергек» кешені Қонаев даңғылы мен Тұрар Рысқұлов көшесі қиылысында орнатылды. Әзірге бұл камералар пилотты режимде жұмыс жасайды:  бейнекамера тек жол ережесін бұзушылықтарды анықтауда. Сонымен қатар, «Сергек» камерасы келесідей ереже бұзушылықтарды анықтайды: жылдамдықты асыру; қызыл сызыққа өту; тыйым салынған жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытқа жүруге арналған жағына шығу. Аппаратты-бағдарламалық кешенді Шымкент қаласындағы 35 жол қиылысында орналастыру жоспарлануда, жалпы 160 бейнекамера орнатылмақ.

Қосымша айта өтсек, «Сергек» камерасы Астана қаласында  орнатылған. Бейнекамера арқасында, өткен жылмен салыстырғанда 2018 жылдың 8 айында жол-көлік оқиғаларының саны 22 пайызға, жарақаттанушылар саны 21пайызға, ал жол-көлік оқиғасынан қаза болушылар саны 50пайызға төмендеген.

 

47 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *