ШЫМКЕНТТЕ САТУШЫСЫЗ ДҮКЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙ БАСТАДЫ

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік ​ университетінде сатушысыз дүкен жұмыс істей бастады. Студенттер енді кеңсе тауарларын және оқу-жазу кезінде қажет болатын құралдар ​ ешкімнің араласуынсыз​ өздері ала алады. Адалдық дүкенінде әрбір тауардың бағасы жазылған. ​ Ал ондағы заттарды сатып алушы студенттер мен оқытушылар ақшасын арнайы жәшікке​ салып кетеді. Мұндай әдіс жастарды адалдық қағидатына​ тәрбиелейді дейді университет ректоры Дария Қожамжарова. Бұл университет жастарына әрбір іс-әрекетін ойланып, бағамдап барып жасауға​ жол көрсетеді. Білім ордасында сондай-ақ бүгінен бастап «Парасат» мектебі де жұмыс істей бастады. Ол жастарға үш түрлі бағытта тәрибе береді. Оның алғашқысы саналы ұрпақ, екіншісі ізгілік елшісі деген тақырыпты қамтиды. Бұл бағытта өңірдегі сәулелі ғұмыр кешкен, адалдықты ту еткен азаматтармен кездесулер ұйымдастарылады.

Ал соңғысы жемқорлықтан ада қоғам құруды көздеп отыр. Іс-шараға Қазақстан Республикасы​ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілдері, «Шымкент-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлебаев Ерасыл Әшірбайұлы және университет оқытушылары мен білім алушы үздік шәкірттер қатысты. Жең ұшынан жалғасқан Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында қазір университтеттің 16 жеріне үлкен лэд экрандар орнатылған. Оқу семестірінің соңындағы әрбір сынақты кез-келген адам​ осы экрандар арқылы бақылай алады. Мұндай жаңашылдық нәтижесіз емес дейді университет басшылығы. ​

ДАРИЯ ҚОЖАМЖАРОВА, МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚМУ-НІҢ РЕКТОРЫ:

— Оқу процесінің тазалығына​ осы балалардың өзінің қатысуына барлық мүмкіндікті жасап отырмыз. Біздің әлеуметтік​ моиторнинг жасадық. Оны жастардың өзі жасады. Соның ішінде емтиханның тазалығы 86 пайызды көрсетіп отыр. Мен бұл көрсеткішке сенемін.