Шымкентте «сөйлейтін» бағдаршамдар қатары артып келеді

«Шымкентте қала жолдары мен көше қиылыстарына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде, апатты жағдай туындатуы мүмкін 40 нүкте анықталған», деп хабарлайды oninfo.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған олқылықтарды түзеу мақсатында 36 нүкте ретке келтіріліп, 16 көше қиылысына өзгерістер енгізілген. Бұл жөнінде «Қауіпсіз қала» бағдарламасы аясында арнайы құрылған жұмысшы тобының мүшелері мәлім етті.
Жалпы алғанда, 2018 жылы қала көшелерінде жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:

  • 220 жол белгісі орнатылған;
  • 200 метр жасанды жол кедергілерін орнату және 10 дана бағдаршам нысанын орнату жоспарланған;
  • қалада жол таңбаларын сызу жұмыстарына қаржы қаралған;
  • жаяу жүргіншілерге арналған өткелдерде 20 дана жарық шамы бар белсенді жол белгілерін орнату жоспарланған;
  • мектеп аумағына 60 дана «Абайлаңыз, балалар!» ақпараттық белгісін орнату жоспарланған;
  • бағдаршам нысандарына қосымша 32 дана дыбыс құралдарын орнату жоспарланған;
  • 237 дана бағдаршам нысандарын және 8 мыңға жуық жол белгілерін күтіп-ұстау жұмыстары атқарылуда.
64 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *