Шымкентте «Премьера» атты көпқабатты тұрғын үй кешені салынуда

Сәні мен сәулеті келіскен бұл зәулім үйлер Нұртас шағынауданында бой көтереді. Баспаналардың құрылысын нарықта өз орнын айқындаған, тәжірибелі «Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС-нің құрылысшылары жүргізіп жатыр. Заманауи талаптарға сай ыңғайлы пәтерлерді қалай алуға болады?

Құрылысшылар болашақ зәулім үйлердің іргетасын қалап, нысанды уақытында тапсыру үшін барын салып жатыр. Қос кіреберісті 5 қабатты үйлер мегаполистің болашағы зор «Нұртас» шағынауданында бой көтереді. Қалалық әкімшілік ғимаратқа жақын аумақта салынып жатқан 80 пәтер бизнес класстың жайлылық деңгейіне жатады. Жоба бойынша үй толықтай қоршалып, ең алдымен балалардың қауіпсіздігі ескеріледі дейді учаске басшысы.

Әлижан Байқасымов, учаске басшысы: «Құрылыстың ерекшеліктеріне тоқталсақ, біз ең алдымен мұнда тұратын тұрғындардың жайлы әрі ыңғайлы өмір сүруіне көңіл бөліп отырмыз. Тұрғын үйлерге дыбыссыз лифт орнатылады. Құрылыс материалдарының барлығы да сапалы әрі ұзақ жылға шыдас береді. Сертификатталған тауарларды ғана пайдаланып жатырмыз. Құрылыс барысы барлық талаптарға сай жүргізілетін болады».

Мұнда замана талабына сай балалар алаңдары мен көлік тұрақтары қарастырылған. Ал аумақ толықтай абаттандырылады дейді мамандар. Көп қабатты зәулім үйлердің құрылысы тапсырыс берушінің өз қаражаты есебінен жүргізіліп жатыр. Жайлы әрі бағасы көңілге қонымды пәтерлерге «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы қол жеткізуге болады.