Шымкентте «Отанды сүю – иманнан» атты жас термешілер байқауы өтті

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» идеясын жүзеге асыру мақсатында «Шымкент медресе» колледжінің бастамасымен Шымкент қаласы «Жастар Ресурстық Орталығы» сарайында «Отанды сүю — иманнан» атты жас термешілер арасында байқау өткізілді.

Тұңғыш ұйымдастырылған шараға Өкіл имам Бақтыбай қажы Қыдырбайұлының құттықтау сөзін жеткізуге өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров қатысып, барша қатысушыларға сәттілік тілеп, «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай алғыс білдірді.

Аталмыш байқаудан алдын іріктеу жарыстары ұйымдастырылып, нәтижесінде шешуші сынға 12 жас термеші қатысты.

Байқауға жұмысына облыстық және қалалық білім басқармасы, «Саз» колледжі, қалалық «Ш.Қалдаяқов» атындағы филармонияның өкілдері әділқазылық етті.

Байқау нәтижесінде топ жарған, ұлтық рухты асқақтатқан аталмыш жобада 1-орын Сынабай Қылышбек, 2-орын Арыстан Рустем, 3-орын Тұрғанбек Жұлдызай және Жуасбек Нұрдаулет қанжығаларына байлап, қаржылай сыйлықтар, алғыс хаттар табысталды.

#ШымкентКелбеті

 

64 рет оқылды
  • 1
    Поделиться

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *