Шымкентте орман және дала өрттері тіркелмеген

Шымкен қаласының аумағында 2019 жылдың басынан бері орман және дала өрттері тіркелмеген. Бұл туралы Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Н. Дербісов өңірлік ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлімдеді.

Жаз мезгілінде күнгей аймақта өрт қауіпі жоғарылайды. Орман және дала өрттерін алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың мамыр айында қала аумағында жалпы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 18 шақырым, жергілікті автомобиль жолдарының бойларында 88,2 шақырым, орман қоры жерлерінде 530 шақырым және егістік алқаптарында 400 шақырым өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жазғы өрт қауіпті кезеңінің басталуына байланысты Шымкент қаласының аумағында орман, дала өрттерінің алдын алу және дер кезінде сөндіру мақсатында 2019 жылғы 02 мамырда қала әкімінің орынбасары Н.Ергешбектің басшылығымен Шымкент қаласы Ташкент тас жолы 5 шақырымның сол жақ бетінде «Жасыл белдеу» орман қоры жерінде созылмалы дала өрттерін сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізіліп, табиғи өрттер болған жағдайда барлық күштер мен құралдардың жұмылдыру тәртібі пысықталды.

39 рет оқылды