Шымкентте қолма-қол ақша қабылданбайды

2020 жылғы 6 сәуірден бастап, Шымкент қаласындағы базарлар мен дүкендер және сауда орындары төлемақыны қолма-қол ақшасыз жүргізуді бастайды. ​

Тұрғындар картасымен базарлар мен сауда орындарында төлем жасай алады.​

Банктік картасы жоқ азаматтар​ банктерге қоңырау шалу арқылы немесе онлайн тапсырыс бере алады. Дайын картаны банктер үйлеріңізге​ жеткізіп береді.​

Сондықтан банкоматтағы ақшаларыңызды шешіп алудың аса қажеттілігі жоқ.

Карантин кезінде қолға алынған шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Біз​ уақытша қиындықты бірге еңсеретін боламыз!