Шымкентте қоғамдық көліктер көбеюде

Шымкентте тағы жаңа екі автобус бағыты ашылды, деп хабарлайды oninfo.kz ақпарат агенттігі. Шымкент қаласының жолаушылар тасымалдау саласында жаңа 2 бағыт ашылды. «Shymkent» ӘКК» өкілдерінің мәліметінше, №113 және №10 бағыттарда жаңа автобустар қатынауда. №113 автобустың жүру бағыты әкімшілік іскерлік орталығынан бастап — Нұрсәт-3 – №7 Емхана — Гимнастика мектебі – Нұрсәт – мәделі Қожа — ЦАХ – Кең баба аялдамасын қамтып, Қара төбеге дейін барады.

Ал №10 автобус болса Нұрсәт-3 – Кольцо – Сәуле шағынауданы бағыты бойынша қызмет көрсетеді. Мазалаған барлық сұрақтар бойынша Инстаграм әлеуметтік желісіндегі @shymkent_bus парақшасына хабарласуыңызға болады.

Еске сала кетсек, таяуда қала ішіндегі №96 бағыттағы «Газель» көліктерінің орнына жолаушыларға жайлы жаңа автобустар қызмет көрсете бастаған болатын. Айта кетсек, 19 маусым – қала күніне орай үшінші мегаполисте жаңа «Shymkent Bus» автобус паркі ашылды. Сол күні қалаға жаңа 160 автобус жеткізілген.  Қазақстанда құрастырылған  жаңа автобустар  салқындатқыштармен, пандустармен, бейнекамералармен, жолаушылар ағынының датчиктерімен, GPS-трекерлермен жабдықталған. Автобустың жалпы сыйымдылығы 56 адам.