Шымкентте «7-20-25» бағдарламасы аясында баспана алуға құжаттар қабылдануда

Мемлекеттік «7-20-25», «Нұрлы жер» бағдарламалары аясында Шымкент қаласынан пəтерлі болғыңыз келсе, 2018 жылдың 23 шілдесі, яғни бүгіннен бастап «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» Шымкент қаласы әкімшілігінің халықтық кеңсесі «фронт-офис» ғимаратында орналасқан кеңес орталығында түсіндіру жұмыстарын бастайды, деп хабарлайды oninfo.kz ақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жерде, Сіз мемлекеттік тұрғын-үй бағдарламалары туралы толық ақпарат алып, тұрғын-үй жинақтары туралы келісім шарт жасай аласыз! Сондай-ақ, Шымкент қаласында бағдарлама аясында салынып жатқан құрылыс нысандары туралы біле аласыз!

Мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Шымкент қаласы əкімшілігінің «тұрғын-үй бөлімі» кезегінде тұрған азаматтар пəтерлі бола алатынын ескертеміз! 
Жақын уақытта, тиімді 5 пайыз мөлшерлемемен пəтерлі болам десеңіз «тұрғын-үй жинақтары шартын» жасауға үлгеріңіз.

Бағдарламаға тұрақты жалақысы бар, жеке баспанасы мен ипотекалық несиесі жоқ кез-келген Қазақстан азаматы қатыса алады

Ақпарат алу үшін: +7 701 605 36 39, +7 705 486 96 08
Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Тұрар Рысқұлов даңғылы мен Ахмет Байтұрсынов көшелері қиылысында орналасқан Шымкент қаласы әкімшілігінің «фронт-офис» халықтық кеңсесі. «Наурыз» аялдамасы.

1 251 рет оқылды
  • 26
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *