Шымкентте 6 инвестициялық жоба іске асырылуда

Шымкентті Қазақстанның Еуразия аумағындағы көліктік-логистикалық хабы ретінде қалыптастыру мақсатында арнайы логистика аймағы жобасы жүзеге асырылуда. Аймақтың жалпы ауданы 92 гектар. Мұнда жалпы құны 33 млрд. теңгені құрайды.

Көліктік-логистикалық аймақта қоймалар, жеміс-жидек, көкөніс және дәрі-дәрмек тауарларын сақтауға арналған жалпы алаңы 200 мың шаршы метр мұздатқыш және құрғақ газ камералары салынған. 60,1 мың шаршы метрді құрайтын қойма іске қосылды.

Бүгінгі күнге 2 жоба («Continental Logistics Shymkent» ЖШС, жұмыс жүктемесі — 70%, «Kazakhstan Logistic group» ЖШС жұмыс жүктемесі — 30%) жұмыс істеуде.

Сонымен қатар, көліктік-логистикалық аймақта қоймалау, сақтау, кедендік тексерумен айналысатын орталық ашылған.