Шымкентте 439,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Шымкент қаласында өткен жылы жалпы алаңы 439,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, деп хабарлайды oninfo.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ал қалада жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 2 есеге артты. Бұл туралы қала әкімі Ғ.Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен жиында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Мүлкеманов мәлімдеді.

Шымкент қаласының 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындысы туралы баяндаған басқарма басшысы қаланың макроэкономикалық көрсеткіштерінде өсім бар екенін жеткізді.

«Өнеркәсіп өнімінің көлемі 476 млрд теңге болып, 2017 жылға өсімі 104,5 % құрап, жоспар орындалды. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің өсімі 104,9% құрап, жоспарға қол жетті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өткен жылға 100,3% құрады. Қалаға бағытталған инвестиция көлемі 2017 жылдан 2,5 есеге артып, жоспар асыра орындалды», — деді Р.Мүлкеманов.

203 рет оқылды
  • 46
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *