Шымкентте 30 млрд. теңгеден астам инвестициялық жобалар қорғалмақ

Өңірде, «Protecting Business and Investments» жобасы аясында инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге тағы бір кәсіпорын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен екі жақты келісімге қол қойды.

Атап айтқанда, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Samruk Tekstil» ЖШС-і 2 млрд. 700 млн. теңгені құрайтын Инвестициялық жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алынды.

Осымен Департамент жалпы 10 келісімге қол қойып, сүйемелдеу жобалар сомасы 30 млрд. 468 млн. теңгені құраған.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жолдауында бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалау қаупінен қорғауды арттыра түсу керектігін атап өтті.

Осыған байланысты, кәсіпкерлерді әкімшілік кедергілерден дер кезінде алдын алу үшін, өңірдегі барлық мемлекеттік органдардың Департаментпен тікелей әрекеттесетін жауапты мамандары бекітілген арнайы анықтама кітапшасы дайындалған.

Сондай-ақ, «Protecting Business and Investments» жобасымен келісімге тұруға ниет білдірген инвесторлар үшін Департамент тарапынан «WhatsApp» (+7702 201 51 51), 51-51-51 сенім телефондары мен memkyzmet.kz сайтында ашылған «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» айдары жұмыс жасайды.

54 рет оқылды
  • 1
    Поделиться

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *