Шымкентте  2 мектеп директоры мен балабақша меңгерушісі тағайындалды

Мектеп директорлары мен балабақша меңгерушісі конкурспен тағайындалды, деп хабарлайды oninfo.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конкурс қаладағы Қ.Сыпатаев атындағы №7 мектеп-лицейі, Титов атындағы №20, Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназия директорлары мен №49 «Жасұлан», №50 «Нұр-бөбек» бөбекжай балабақшаларының меңгерушісін тағайындау мақсатында өткізілді.

Конкурсқа мектеп директорлығынан 11 үміткер, меңгеруші лауазымынан 15 үміткер қатысты. Бұл үміткерлерге қойылған талап қатаң болды. Олар ең алдымен ұжымды басқару әдісін көрсетіп, комиссия мүшелеріне дәлелдеу қажет еді.

   

Конкурс нәтижесінде №7 мектеп-лицейге Раушан Әлмаханова, №20 мектепке Дәрмен Дана директор болып тағайындалды. №50 «Нұр-бөбек» балабақшасының меңгерушісі лауазымына Айдана Сыдықова лайық деп танылды. Ал №64 мектеп директоры мен №49 балабақша меңгерушісін тағайындау мақсатында тағы да конкурс өткізу туралы шешім қабылданды.

Мұндай шешімді қала әкімі төрағалық еткен комиссия мүшелері ғана емес, мектептер мен балабақша ұжымдары, ата-аналар комитетінің өкілдері бірге қабылдады.

575 рет оқылды
  • 9
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.