Шымкентте 12,6 мың гектар алқапқа егін егілді

Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында ауыл шаруашыаығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков 2019 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстарды қорытындылады.  

Басқарма басшысының айтуынша, ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 841 млн теңгені құрап отыр.

– Қазіргі таңда жалпы соммасы 25,1 млрд. тг. құрайтын 35 жобаны іске асыру жоспарлануда, оның ішінде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 12,8 млрд. тг. құрайтын ауыл шаруашылығындағы 23 жоба бар, — деді басқарма басшысы Асқар Сәкенұлы.

Жалпы, жыл басынан бері қалада «Шарипов ЖК» жылыжай шаруашылығы іске қосылған. Инвестицияның жалпы сомасы  — 600 млн теңге.

 

shymkent.gov.kz

 

81 рет оқылды