Шымкентте 1000 жуық отбасыға көмек көрсетілді

Бүгін Шымкентте «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында «Nur Otan» партиясының белсенді мүшелерінің демеушілігімен қайырымдылық шарасы өткізілді.

Бұл акция Қасиетті Рамазан айындағы Ораза айт мерекесі қарсаңында халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында өткізіліп отыр.

Шара аясында Шымкенттегі 1000 жуық мұқтаж отбасыға азық-түлік жиынтықтарымен көмек көрсетіледі. Көмек аудан әкімдіктері тарапынан жасақталған аз қамтылған отбасылар тізімі бойынша берілуде. Ол тізімде көп балалы аналар, мүгедек жандар, жалғыз басты зейнеткерлер бар.

Оларға көмекті «Nur Оtan» партиясы белсенділері, «Jas Otan» жастар қанатының жастары мен еріктілер сақтану шараларын ұстана отырып, «контактсыз» тәсілмен жеткізуде.

Көмек алушылар жалғызбасты қарттарға, тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар мен басқа да мұқтаж жандарға әлеуметтік пакеттерді байланыссыз үлестіріп беруге ерікті түрде атсалысып жүрген Jas Otan волонтерлері мен белсенді нұротандықтарға алғыс айтты.