Шымкент зоо­бағына әлемдегі ең кішкентай түлкі әкелінді

Шымкент зоо­ло­гиялық саябағына әлемдегі ең кішкентай түлкі әкелінді, деп хабарлайды oninfo.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның үш қаласында зообақ бар. Оның ең үлкені Шымкент қаласында орналасқан.  Айта кетейік, Шымкент зообағы сирек кездесетін және жойы­лып бара жатқан жан-жа­нуарларды сақтап, оларды кө­бейту мақсатында 1980 жылы құ­рылған. Ол кезде зообақта 75 түрлі аң болса, бүгінде жануарлар саны 2 600-ге жуықтаған.

Ағымдағы жылдың Наурыз айында ашылған «Түнгі әлем» ерекше жануармен толықты. Мұнда көбіне түнгі мезгілде жүретін екі дана түнгі түлкі әкелінді. Оның бірі ұрғашы, бірі еркек. Сахара шөлінде немесе солтүстік Африканың басқа да аймақтарында кездесетін құлақты түлкі немесе шөл түлкісі – әлемдегі ең кішкентай түлкі.

Оның үлкен құлақтары болады. Құлақтары ыстықты өзіне сіңіріп, ыстық ортада түлкінің денесінің салқын болуын қамтамасыз етеді, құлағы терморегулятор ретінде қызмет етеді және кез-келген қозғалысты және шатысты жақсы естиді.  Ол сусыз ұзақ уақыт жүре алады. Мысықпен салыстырғанда бұл жануар салмағы аз. Жануардың салмағы 1,5 келіге, ал ұзындығы 40 сантиметрге дейін жетеді.

331 рет оқылды
  • 38
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *