ШЫМКЕНТ: ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ ТЕГІН ОҚЫТУҒА ШАҚЫРАДЫ

ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 26 қарашадағы №875 қаулысымен бекітілген «Нәтижелі қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» (бұдан әрі -Бағдарлама) бірінші бағытына сәйкес:

Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы қала тұрғындарын қысқа мерзімді кәсіптік тегін оқытуға шақырады.

Мақсаты –азаматтарды жұмысшы мамандығына даярлауда өз қабілеті мен қызығушылығына, мүмкіндігіне қара білім беру, оларды қайта даярлау және кәсіптік біліктілігін көтеру.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығындар және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар қатыса алады.

Оқу ұзақтығы — 3 ай (1 ай теория, 2 ай пратика), аптасына 6 күн, күніне 6 сағат.

Өтініш берген кезде үміткер мынадай құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

  1. Жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі;
  2. Еңбек кітапшасының көшірмесі (болған жағдайда);
  3. Білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ оқығанын растайтын құжаттарды (куәлік, сертификат) болған жағдайда,
  4. Форма №086 –У анықтама. (Мүмкіндігі шектеулі азаматтар ИПР және ВКК дәрігерден рұқсат қағаз алу керек)

 

Заман талабына сай оқытылатын мамандықтардың тізбесі:

  1. Аспаз
  2. Кондитер
  3. Визажист
  4. Шаштараз
  5. Маникюр шебері
  6. Электрик
  7. Дәнекерлеуші
  8. Автоэлектрик және т.б. жұмысшы мамандықтар бойынша оқу курстары жүргізіледі.

 

Оқу қала аумағында орналасқан арнаулы орта оқу орындарында (колледждер), жекеменшік оқу орталықтарында және кәсіпорын жанынан ашылған оқу комбинаттарында жүргізіледі.

Оқуды аяқтаған соң, мемлекеттік үлгідегі куәлік беріледі. Бұл өз кезегінде тұрақты жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі. Сонымен қатар, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды бітірушілер куәлік алған соң, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға қайтарымсыз мемлекеттік грант алуға конкурсқа қатыса алады. (грант көлемі 100-200 АЕК)

Барлық сұрақтар мен мәліметтерді алу үшін : «Нұрсәт» м/а, С.Бәйтереков көшесі №89, Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы (5 кабинет)

 

 Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының баспасөз қызметі