Шымкент тұрғындары әкімдіктің жұмысына шағымдана алады

«Біздің жұмысымызға шағым жасаңыз». Шымкент қаласының әкімдігі қала тұрғындарына осындай қызметтік бағалау жүйесін ұсынып отыр, деп хабарлайды oninfo.kz ақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласының әкімдігі азаматтардан қала әкімдігінің жұмысында көрініс беріп отырған олқылықтар жөнінде толық ақпар беруді сұрайды. Сонымен бірге әкімдіктің де, оның құрылымдық бөлімшелерінің де жұмысын бағалауға болады. Тұрғындар өз шағымдарын ғаламторда орналастырылған арнайы форманы толтыру арқылы қалдыра алады.

Сауалнама:   https://goo.gl/forms/YpnOQd0HY9PfYZPe2

Азаматтардың сауалға берген жауап нәтижелері әкімдіктің міндеттерін ашық жариялаудың негізін құрайды, ол жергілікті атқарушы органдар үшін халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша өз қызметінің басымдықтарын айқындауға арналған нұсқаулық есебінде болмақ. Айта кету керек, қала тұрғындарының шағымы ыңғайлы болу үшін онлайн және офлайн түрінде де қабылданады.

Онлайн сауалнамадан бөлек, қала аумағында тұрғындардың шағымдарын қабылдайтын 10 орын бар:

1. «К.Маркс» аялдамасы;

2. ХҚКО (Қажымұқан стадионы);

3. «Шымкент Плаза» ойын-сауда орталығы;

4. «Мега» ойын-сауда орталығы;

5. Жұмыспен қамту орталығы;

6. «Самал» базары;

7. «Алаш» базары;

8. Жайлаукөл саябағы;

9. «Теріскей» аялдамасы;

10. «Имран» супермаркеті.

331 рет оқылды
  • 9
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *