«Шымкент Ситиде» тұрғын үй құрылысы қарқын алады

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтылды. Онда Шымкент қаласын дамытудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспарының жобасы қаралды. Кешенді жоспардың негізгі бағыттары мен іс-шаралары туралы Шымкент қаласының әкімі Ғ. Әбдірахымов баяндады.

«Кешенді жоспар тұрғын үй құрылысының көлемі кезең-кезеңмен биыл 500 мың шаршы метрден жылына 1 млн-ға дейін арттырып, тұрғын үймен қамтамасыз етуді 1 тұрғынға шаққанда 30 шаршы метр деңгейіне дейін жеткізуге мүмкіндік береді», — деді Асқар Мамин. Мысалы, «Шымкент Сити» жобасын жүзеге асыру әлеуметтік инфрақұрылымы дайын 1,5 млн ш.м. тұрғын үй салуға мүмкіндік береді.

ҚР Министрлер кабинетінің басшысының айтуынша, ол үшін тұрғын үй құрылысын дамытуды жалғастыру қажет. Осы ретте, қаланың ықшам құрылысына және тұрғын үй құрылысының халықаралық стандарттары бойынша жұмыс істейтін инвесторлардың тәжірибесін пайдалану баса назар аударылады.
Осыған орай Шымкент қаласын дамытудың 2023 жылға дейінгі Кешенді жоспары қалаға жаңа даму серпінін беруге бағытталады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Жоспарды жүзеге асыру келесі көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Олар: Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізуі 93%-дан 98%-ға дейін өседі; Табиғи газбен қамтылуы 92%-дан 98%-ға дейін өседі; Қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 59,4%-ға дейін ұлғаяды.