Шымкент: Ресми сайт арқылы әкімге жазылыңыз

Шымкент қаласының тұрғындарының назарына!

Шымкент қаласы әкімінің атына жолданатын өтініштегі көтерілген мәселеге дер кезінде көмек көрсету мақсатында қала әкімінің баспасөз қызметі барлық сауалдарды әкімдіктің ресми shymkent.gov.kz сайтындағы «Виртуалды қабылдау» арқылы жолдауды сұрайды. Сайттағы «Виртуалды қабылдауға» алдымен өзіңіздің мәліметтерді толтырып, тіркелу қажет.

Қала әкімінің атынан әлеуметтік желілерде ашылған жалған парақшалар арқылы оқырмандар тарапынан келген сауалдарға заңсыз жауап беріліп отырғандықтан өтініштер тек қана «Виртуалды қабылдау» мен WhatsApp телефоны (87778858513) нөміріне және Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, нөмері 10 мекенжайында орналасқан «Халықтық кеңсе» арқылы қабылданып, тиісті мерзімде заң аясында жауап берілетінін хабарлайды.

Еске саламыз, Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың әлеуметтік желілерде екі ресми аккаунты ғана бар. Яғни, Facebook әлеуметтік желісінде — (Erlan Aitakhanov), ал Instagram-да @Erlan_Аitakhanov болып тіркелген. Осы екі ресми парақшадан басқаларының барлығы жалған аккаунттар болып табылатынын мәлімдейміз. Толығырақ shymkent.gov.kz сайтынан білуге болады.