Шымкент: Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар бағдарламасы белгілі болды

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз жиында Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының орынбасары Сәкен Әбдіжаппар және Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының орынбасары Мөлдір Кеуенова мәлімдеді.

Атап айтсақ:

15 наурыз-15 сәуір
Қазақстандық суретшілердің «Ұлы дала хикаялары» атты заманауи өнер туындыларының жылжымалы көрмесі.
Шымкенттегі бейнелеу өнері музейі.

Мерекелік шара 16 наурыздан «Ұлы дала хикаялары» атты жылжымалы көрмемен басталады.

17 наурызда Арбат алаңында жалпыхалықтық мереке ұйымдастырылады. Мұнда қазақтың қазақтың киіз үйі тігіліп, ұлттық тағамдар әзірленеді.

18 наурыз күні «Наурыз керуен» іс-шарасы («Наурыз» алаңы — «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимараты бағыты бойынша)

Сағат 11:00-15:00

21 наурыз
1. «Қошқар ата сейілі» көктем фестивалі.
Қошқар ата өзенінің бастауы. Сағат 11:00-15:00
2. «Ұлы даланың көне сарындары» дәстүрлі музыка фестивалі (Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай)
Орыс драма театры. Сағат 15:00-де

22 наурыз
1. Мерекелік концерттік бағдарламалар, ұлттық ойындар, көпшілік серуендер
Орталық, Абай, Жеңіс, Наурыз (Сайрам тұрғын алабы) саябақтары
2. Ұлттық ат спорты жарыстары
Орталық ипподром. Сағат 10:00-14:00-де
3. «Наурыз көктем – Шымқала!» мерекелік іс-шарасы
Наурыз алаңы. Сағат 12:00 – 15:00
4. Мерекелік концерттік бағдарлама
Наурыз алаңы. Сағат 18:00 – 21:30
5. Мерекелік отшашу
Наурыз алаңы. Сағат 21:30

23-24 наурыз
«Ashyq Aspan» аэронавтика
фестивалі
Орталық ипподром, Сағат 10:00 – 12:30, 18:00 – 20:30

#oninfokz #shymkent

Фото: М.Шағырбаев

158 рет оқылды
  • 19
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *