Шымкент колледждері Германияның кәсіби палатасының озық тәжірибесін пайдаланады

Шымкент колледждерінде білім берудің көшбасшылары жұмыс жасайтын болады. Кәсіптік техникалық білім беру және техникалық қадағалау мәселелері Шымкент қаласының әкімдігінде TUV Rheinland Academy & Lifecare өкілдерімен кездесу барысында талқыланды, деп хабарлайды oninfo.kz ақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге қатысқан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен компания өкілдері, мемлекеттік сала қызметкерлері, мұғалімдер мен сарапшылар кәсіптік білім беру саласындағы әріптестікті дамытуды талқылады. Шаһар әкімдігіне TUV Rheinland Academy & Lifecare өкілдері білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудың мүмкіндіктерін таныстырды. Өзара ынтымақтастық кәсіби-техникалық біліммен қатар техникалық қадағалау саласында да өрбімек.

Кездесу 2012 жылдан бастап сәтті жүзеге асырылып келе жатқан «Назарбаев-Меркель» бастамасы аясында өтті. Бұл — германиялық дуальды кәсіби-техникалық білім берудің Қазақстанда енгізілуі. Мұндағы мақсат — кәсіби техникалық білім беру жүйесін дамыту үшін Германияның кәсіби палатасының озық тәжірибесін пайдалану.

280 рет оқылды
  • 20
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *