Шымкент әкімдігі мен «Жас сарбаз» Республикалық әскери-патриоттық қоғамы арасында меморандум жасалды

Қорғаныс министрлігі мен Шымкент қаласы әкімдігі, «Жас сарбаз» Республикалық әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысы арасындағы азаматтардың әскери-патриоттық тәрбиесі саласындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум бес жыл мерзімге жасалды, оған ҚР Қорғаныс министріН.Б.Ермекбаев, Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымов және «Жас сарбаз» Республикалық әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысының төрағасы генерал-майор М. К.Таласов қол қойды.

Меморандум аясында тараптар өскелең ұрпаққа отансүйгіштік  сезімнің,  азаматтық жауапкершіліктің, еліміздің салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген құрметтің  қалыптасуын  қажет деп  тауып, жастардың  әскери-патриоттық тәрбиесі саласында және әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттаудағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл етуге келісті.

Бұдан басқа, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мәселелері бойынша бірлескен жылдық іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге, сондай-ақ әскери қызметтің беделін арттыруға және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің имиджін ілгерілетуге бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізу;

кадет сыныптарын және әскери-патриоттық клубтарды ашуда мүдделі органдармен және республикалық және өңірлік жастар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау; әскери-патриоттық үйірмелердің, кадет сыныптарының, сондай-ақ білім беру мекемелерінде, оқушылар сарайында, демалыс лагерьлерінде, спорт лагерьлерінде өзге де жастар ұйымдарының жұмысы бойынша өзара іс-қимыл жасау жоспарланды.

22 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *