ШЫМКЕНТ:  ӘКІМ СЕССИЯ МЕН ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒА БЕРДІ

Шымкент қаласы мәслихатының кезекті елу алтыншы сессиясының күн тәртібінде халық қалаулылары бірқатар шешімдер қабылдады.

Депутат Үсенов Даниярдың төрағалығымен өткен сессия жиынына қала әкімі Е.Айтаханов, мәслихат хатшысы Ғ. Ташқараев және әкімдік мүшелері, жергілікті атқарушы орган басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, энергетика және коммуналдық шаруашылық, туризм басқармасы, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму, отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы, ауыл шаруашылығы және ветеринария, қаржы басқармасы, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармаларының есептері тыңдалып, депутаттар тарапынан қолдау тапты.

Бұл мәселелер алдымен мәслихаттың тұрақты комиссия отырыстарында және «Нұр Отан» партиясының фракциясында қаралған.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы мәслихатының №21 округінен сайланған депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы сайлау комиссиясының төрағасы Дауылбаев Ерлан баяндама жасады. Нәтижесінде депутат Марат Тамабаев денсаулығына байланысты өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты.

Сессия соңында алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының кезекті елу жетінші сессиясының төрағасы болып Төлегенов Бекайдар сайланды.