ШЫМКЕНТ: КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ТЕЛЕДИДАР СЫЙҒА БЕРІЛДІ

Бүгін Шымкент қаласында «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қоры карантинде қашықтықтан оқуға көшкен көп балалы 4 жанұяға теледидарды сыйға берді.

Төртінші тоқсанды қашықтықтан оқу форматында бастаған шәкірттер «Балапан» және «Еларна» телеарналары арқылы білім алуға көшен болатын. Дегенмен, көгілдір экранға мұқтаж көп балалы отбасыларға қайырымдылық қоры көмек көрсетті. Сонымен қатар, волонтерлар отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Волонтерлар арнайы санитарлық нормаға сәйкес бетперде мен антисептиктермен жабдықталды.