ШЫМКЕНТ: ЕЛБАСЫНЫҢ «АЛҒЫС ХАТЫ» ТАБЫСТАЛДЫ

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында салтанатты шара өтті. Шара барысында ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытқан партиялықтар Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды. Жиынды «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева ашып, Сайлау науқанының жоғары деңгейде өткенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы алға қойған мақсаттарға қол жеткізіп, мойнына алған міндеттерін толықтай орындау үшін бар күш жігерін салады. Бағдарлама жүзеге асқан уақытта сүйікті қаламыздың бәсекеге қабілеттігі артып, тұрғындарға бұрынғыдан да қолайлы жағдайлар жасалады», – деп атап өтті.

Белсенділерге Елбасы алғасын Шымкент қаласы бойынша сайлауалды штаб жетекшісі Бахадыр Нармбетов табыстады.
Өз сөзінде қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов: «Штабтың әрбірі үлкен, ортақ жеңіске өз үлесін қосты. Біздің қатарда көк туды желбіреткен чемпиодарымыз, даналығымен талай істі тындырған абыз ағаларымыз, белсенді жастар болды. Жұмыс оңай болды деп айта алмаймыз. Шымкент тұрғындарының әрбіріне сайлауалды бағдарламаны жеткізу үшін талмай еңбек еттік. Ең бастысы жерлестеріміз бізге сенім артты»,- дей келе, алдағы уақыттағы жауапкершілікті де еске салды. Себебі нақты істер партиясының ендігі міндеті 5 жылдық бағдарламаны толық жүзеге асыру.

«Алғыс хат» алған азаматтардың қатарында әйгілі спортшылар Мұхтархан Дильдабеков, Жазира Жаппарқұл, өзбек драма театрының директоры Икрамжан Хашимжанов, айтыскер ақын Ақмарал Леубаева, жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Гүлнар Құманбекова және басқалар болды.

Жалпы 2021 жылдың 10 қантарында өткен сайлауда Шымкент қаласы бойынша «Nur Otan» партиясы — 78,63% дауыс жинаған.
Сайлау нәтижесі бойынша Шымкент қалалық мәслихаттағы 30 орынның 24 — «Nur Otan» партиясына бұйырды, «Ауыл» және «Ақжол» партияларына 3 мандаттан.