ШЫМКЕНТ: БАНК БӨЛІМШЕЛЕРІ СЕНБІ КҮНІ ДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Шымкент қаласы аумағындағы банк бөлімшелері штатты режимде жұмыс істеуде. Осы орайда, қаладағы бірқатар банк өкілдіктері сенбі күні де өз қызметтерін жалғастырып, сапалы қызмет ұсынуға күш салуда.

Ертең, 4 сәуір күні клиенттерін қабылдайтын банктердің жұмыс режиміне тоқталсақ, Home credit (10.00-17.00), ВТБ банк (10.00-15.00), Halyk банк (9.00-18.00) және Форте банктің екі бөлімшесі (10.00-14.00).
Мәселен, «Halyk банк»-тің Шымкент қаласында 176 банкоматы бар. Қаладағы банктер клиенттер мен қызметкерлердің денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған барлық шараларды қабылдаған. Банк кеңселері мен ғимараттарында жүйелі түрде санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетсек, Шымкент қаласының тұрғындары арасында шот арқылы төлемақылар алып жүрген қарт кісілерге картасын рәсімдеп, мекен-жайға жеткізу қызметі де қосылды. Бұл қызмет жасы 65-тен асқандарға тегін болмақ. Ондағы мақсат — қызметкерлер мен тұтынушылар саулығына жіті мән беру. Ал «ҚазПошта» АҚ жасы 65-тен асқандар мен мүгедек азаматтарға зейнетақысын үйіне жеткізіп беру қызметін ұсынады. Бүгінде Шымкентте 100 мыңдай зейнеткер бар.

Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы