Шымкент: БАҚ саласының «2019 жылғы үздіктері» марапатталды

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов  ақпарат саласының  жыл үздіктерін марапаттады.

«Үздік редакция»  номинациясымен  Шымкент келбеті Панорама Шымкента Шымкент Келбеті Ресми Парақшасы газеті  марапатталып, 500 мың теңге қаржылай сыйлық табысталды.

Сонымен қатар

«ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТ» — Әлімбаев Нұрлан Оңтүстік теларнасының журналисі;

«ҮЗДІК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ» — Полиция депратментінің баспасөз хатшысы Әсел Саденова;

«ҮЗДІК БЛОГЕР»  — Арай Есенбек;

«ҮЗДІК ТЕЛЕБАҒДАРЛАМА» — Ділмарова Бағлан;

«ҮЗДІК ТЕЛЕАРНА ТІЛШІСІ» — Анастасия Александрова;

«ҮЗДІК АҚПАРТТЫҚ ПОРТАЛ»- МЕДИАОN порталы;

«ҮЗДІК МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМ ТІЛШІСІ» — Ақмарал Молдиярқызы және де тағы басқа да «ҮЗДІК МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМ», «ҮЗДІК РАДИО БАҒДАРЛАМА АВТОРЫ», «ҮЗДІК АҚПАРТТЫҚ ПОРТАЛ ТІЛШІСІ » шын мықтылар анықталып,  қаржылай  150 мың теңге сыйақы табысталды.

Сонымен қатар, «МЕН ТҰРАТЫН ҚАЛА» фотосурет, «ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК РОЛИК АВТОРЫ- 300 мың», «Көрермендер көзайымы» номинациясы — 75 мың «Үздік көркемделген пост», «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДАҒА БАҚ-тың МАҢЫЗЫ» байқауларының жеңімпаздары анықталып, қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік,  Шымкент қаласы Ішкі саясат және дін істері басқармасы «ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ» номинациялары бойынша байқау жариялаған болатын.  Өткен апта комиисия мүшелерімен ақылдаса келе шын жүйрікті , мыңнан тұлпарды анықтады. Ақпарат саласының майталмандарын қаламыздың экономикалық-әлеуметтік мәселелерін қозғап, халықтың  шын мұқтаждығын  жеткізіп, билік пен халықтың арасында алтын көпір бола алған БАҚ өкілдері жалпы жүлде қоры 1 млн теңгені құрайтын қаржылай сыйлығымен марапатталды.