ШЫМКЕНТ: ҚАРТТАР КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҚАРИЯЛАР ШАХМАТТАН ЖАРЫСТЫ

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен Қарттар күні қарсаңында шымкенттік ардагер ақсақалдар шахматтан жарысқа түсті. 

Партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «Орталық саябақта» өткен жарыста 60-тан астам қария қатысты. Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан  «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов  партиялық жобаның негізі мақсаттарын атап өтіп, ақсақалдарды мерекесімен құттықтады.

«Орталық саябақ» алаңына 100-ге жуық қариялар осы шахмат ойынын ойнауға көп жиналады. Мұнда саналы ғұмырын, еліміздің дамуына күш-жігерін сарп еткен ақсақалдарымыз бар. Мақсатымыз осы жандармен дидарласып, шахмат ойындарын көріп тамашалау. Қариясы бар елдің, қазынасы бар демекші бұл кісілердің қазынасы — ақыл-ойлары. Бүгінгі сайыстың арқасында қарияларды құрметтеуді дәріптейміз», — дейді Бахадыр Мәдәліұлы.

«Ақтұлпар»  шахматтық клубында өткен турнир екі турға бөлінген. Бағын сынауға келгендердің көпшілігі 70 пен 90 жас аралығында. Спорттың осы түрін серік еткен қариялар ойынның көркін қыздырды.

Мереке қарсаңында ұйымдастырылған шараға қатысушылардың арасында 3-ші орынға ие болған Берік Анетбаев пен Сәмен Бөріхан. Ал, 2-ші орынды Ниль Олег пен  Ғапбар Асанов алса, 1-ші орынды Спабек Теңгебаев пен Дәулет Кюлбашев иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Қарттар күні қарсаңында оларға мерекелік құттықтаулар айтылып, сый-сыяпат табыс етілді.