«ШЫМКЕНТ-АЛМАТЫ» ЖӘНЕ «ШЫМКЕНТ-НҰР-СҰЛТАН» АВТОБУС БАҒЫТТАРЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ

Әлемде орын алған коронавирус инфекциясының елімізде таралуына жол бермеу мақсатында, республикалық маңызы бар Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында карантин жарияланып, кіріп-шығуға шектеу қойылуына байланысты, Шымкент қаласының «Бекжан», «Самал» автовокзалдарынан және «Көктем» автостанциясынан аттанатын облысаралық қалааралық «Шымкент-Алматы» және «Шымкент-Нұр-Сұлтан» автобус бағыттары 2020 жылғы 18 наурыздан бастап уақытша тоқтатылғанын хабарлаймыз.